И.Тұрғанбаев атындағы спартакиада

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББ мектебінің түлегі, Ауған соғысының батыры, интернационалист – жауынгер Имамадин Балмұханбетұлы Тұрғанбаевтың ерлік ісін дәріптеу мақсатында волейбол турнирі 1999 жылдан бері ауданаралық, мектепішілік деңгейде өткізіліп келді. Биыл тұңғыш рет, 2019 жылдың, 1 – 15 ақпан аралығында, 5 спорт түрінен және мәнерлеп оқу сайыстарынан спартакиада деңгейінде спорттық – мәдени іс-шара өткізілді, 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс, спартакиада өз мәресіне жетті. Мерейтойға арналған салтанатты кешке аудандық маслихат хатшысы Ы.Бегиев, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдыков, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Джуманов, Ауған соғысының ардагерлері, Имамадиннің сыныптас достары, отбасы және мектебіміздің түлегі, 2003 жылы еліміздің шекарасын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ерлан Ниязовтың отбасы құрметті қонақ ретінде қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сондай-ақ, мектеп ұжымына алғыстарын айтып, естелік сыйлықтар табыстады.

 

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *