Кітап туралы ережелер
Кітап туралы ережелер:
- Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал;
- Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін;
- Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады;
- Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады;
- Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал;
- Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма;
- Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады;
- «Кітап – сенің досың» екенін ұмытпа!