Медиация кабинеті

Медиация (лат.тілінен mediare – делдалдық ету) – өз ерікті келісімі негізінде үшінші бейтарап әділ тарап – медиатордың (делдалдың) көмегімен олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі.

Медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық арнасында келіссөздерді жүргізуге арқа сүйейді. Медиация – бұл келіссөздер процесі, мұнда делдал- медиатор ұйымдастырушы болып келеді және тараптар тиімді шындыққа негізделген және екі жақтың да мүддесін қанағаттандыратын келісімге келетіндей келіссөздерді басқарады, оны орындау нәтижесінде тараптар өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейді.

Медиацияның артықшылықтары:

Тараптардың өндiруде және шешiм қабылдауда қатысулары.
Сотта жанжалды шешу кезінде, тараптарға тек айғақтарды ұсынып және өз позицияларын қорғауға ғана мүмкіншілік беріледі. Шешім шығарылған кезде тараптардың бірі кез келген жағдайда ұтылып қалады. Медиацияны жүргізу тараптарға өз ерікті екі тарапты да қанағаттандыратын келісім жасауға мүмкіншілік береді.

Жанжалға қатысушылардың арасындағы мейірімді қатынасты сақтап қалу.
Сот рәсімі – бұл әр қашан тараптар үшін үлкен күйзеліс. Істен ұтылып қалу қорқынышы басқа тарап жағына агрессивтi мiнез-құлықта білдірілуі мүмкін. Қандай да сот шешімі болмасын, тараптар арасындағы жанжал тек қиындап кетеді және олардың одан әрі қарым –қатынастарына келеңсіз әсер етеді.

Ақша қаражатын және уақытты үнемдеу.
Медиация кезінде тараптар өздері рәсімдерді жүргізуге оларға ыңғайлы, сот тәртібімен дауды шешу кезінде мүмкін емес уақытты таңдай алады. Жанжалды қарастыру уақыты тараптардың тек тілек – ниеттеріне тәуелді және соттағыдай қатаң шарттармен шектелмеген. Тіпті, тараптар өкілдердің қызметтеріне, мемлекеттік бажға және басқа да шығындарға шығындалмайды.

Құпиялылық.
Көбінесе тараптар үшін іскерлік беделдің және абыройының сақталуы маңыздырақ, әсіресе корпоративтік дауларды шешу кезінде. Даулы жағдайдан қиындықсыз шығу медиация жүргізу жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Заң медиаторды рәсімді өткізу барысында қабылданған ақпаратты жарияламауға міндеттейді, бұл жариялау үшін орынсыз мәліметтерді сақтауға кепілдік береді.

Делдалды өз еркімен таңдау мүмкіндігі.
Медиация туралы заң тараптарға өз ерікті, өзара келісім бойынша, нақты жағдайды шешу үшін ең қолайлы делдалды таңдау мүмкіндігін береді. Осылайша медиатор жағынан қасақана еместік кепіл етіледі, демек, жанжалды жағдайды да объективті қарастырады.

Медиация рәсімі отбасылық, қызметтік, корпоративтік, коммерциялық, мәдениет аралық, діни дауларда, мектеп ішілік жанжалда, орта ауырлық және шағын қылмыс туралы сөз болған кезде, құқық бұзушы және жәбірленуші арасындағы қылмыстық дауларда қолданылуы мүмкін.

 

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *