“Мемлекеттік шекара” кітабы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік шекара” кітабы жарық көрді. Кітапқа Шалқар елінің перзенті, Үздік шекарашы Ерлан Ниязов есімі де енген болатын. Бүгін батыр есімін иеленген көшеде орналасқан ескерткіш жанында және оқыған мектебінде салтанатты шара өтті.

Шараға Шалқар ауданының әкімі Ж. Ө. Жидеханов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы подполковник Садықбеков Г. С., бірқатар бөлім басшылары, батырдың ата-анасы қатысты.

Е. Ниязов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен кейін батыр ұл оқыған мектепте өткен шарада аудан әкімі Жанболат Өтеғұлұлы Ерланның ата-анасына Алғыс хат табыстаса, ақтөбелік қонақ ҰҚК комитетінің төрағасы К. Масимовтың “Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін” медалін, естелік сыйлық табыстады.

Салтанатты шараның өн бойында “Ә. Жангелдин атындағы мектептің “Мың бала” клубының өрендері концерттік бағдарлама ұсынды.

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *