Кітап оқуды әдетке айналдыру

Ілімнің қайнар көзі – кітап. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай білім кітап оқу арқылы үйреніледі. Кітап – дыбыссыз мұғалім. Түсінбеген жерлерді бірнеше рет оқи аласыз. Түсінбегеніңіз үшін сізге ашуланбайды. Ұрспайды және масқараламайды.

Кітап оқыған кезде әрі жаңа мәліметтер үйреніледі, ой-өрісті арттырады, әрі күнделікті қиыншылықтарыңыздан аз да болса ұзақтаған боласыз. Көп кітап оқыған адамдардың сөйлеу мәнері дұрысталады. Әдемі және түсінікті сөйлемдер құрады. Пікірін орынды түрде жеткізе алады. Көп қателік жасамайды. Оқиғаларды тіл байлығымен қызықты етіп айтып береді. Оңайшылықпен ашуланбайды, сабырды үйренеді. Түсінігі мол және шыдамды болады.

Әрине кітап дегенде, кез-келген кітап бұларды тудырады демейміз. Кітаптың да дұрысы, жақсысы, пайдалысы бар. Бұның терісі де болуы мүмкін. Кейбір кітаптарды оқығанда қаламасақ та болымсыз, жаман жағына қарай әсерленуіміз мүмкін.

Жылқы шөпті жеуден бұрын иіскейді. Егер улы болса, күмәнданса жемейді. Кітап та сондай. Кітап жайында алдымен мәлімет жинау, кітаптың жазушысы, авторы жайында пікір алу керек.

Бұзылған азық жеген кезімізде асқазанымыз қалай ауыратын болса, бұзық кітап оқыған кезімізде миымыз да осылайша әсерленеді.

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *