“Оқы және өзгеге ұсын!” буккросинг акциясы

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 1-наурыз бен 20-наурыз аралығында “Оқы және өзгеге ұсын!” буккросинг акциясының басталғанын хабарлаймыз!

«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға:

«екінші өмір сыйлау»;

оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу;

әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;

кітапханаға оқырмандарды тарту;

күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу;

әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;

Кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу , сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.

Тарихы
«Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, мына сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін біле аласыз. Жарты жылдан кейін оның сайтында екінші рет дүниеге келген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. 2004 жылдан бастап «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді.

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *