Қамқорлық ету ұйымы

Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес 2017 – 2018 оқу жылынан бастап Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңесі жұмыс жасап келеді. Кеңес құрамына, ардагер ұстаздар, ата – аналар және мектепке демеушілік көрсетіп жүрген азаматтар енді. Кеңес төрайымы болып, мектебімізде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Тақаева Күнімайхан Шудабайқызы тағайындалды.
Кеңес жұмысының жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы ата – аналар жиналысына қатысып, олардың талап – тілектерін анықтап, іске асыру, мектепке демеушілік жасауды ұйымдастыру және тұрақты түрде мектептің ішкі жұмыстарына бақылау жасау мен көмек көрсету кеңес жұмысын негізгі бағытары болып табылады. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу жұмыстары, бос уақытын тиімді пайдалану жұмыстары ерекше назарда. Ата – аналармен байланыс негізінде мектеп базасында грек – рим күресі, қазақша күрес, баскетбол және тоғызқұмалақ секциялары жұмыс жасауда. Секцияларының жұмысының нәтижесі ретінде, баскетболшылар аудандық және облысытық «Алтын доп» сайысын жеңіп, республикалық кезеңде өнер көрсетсе, грек – рим күресінен Жиенғазин Ерасыл оқушымыз, ел біріншілігінде жүлделі үшінші орын жеңіп алды.
Сонымен қоса, кеңес мүшелері, мектеп оқушыларының оқу – құралдарын тексеру рейдтеріне, сабаққа қатысымын тексеру жұмыстарына үнемі қатысып тұрады.

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...