25-мамыр соңғы қоңырау

Құрметті ата аналар, ұстаздар! Қымбатты түлектер!

Баршаңызды бүгінгі 25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.

Құрметті түлектер!

Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.

Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі мерекеде Түлектерге сапалы білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектеріңіз үшін ерекше алғысымды айтамын.

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен табыс, мол күш-қуат, білім шыңына жетелеген зерек оқушыларыңыздың көбейе беруін тілеймін !

Құрметті ата – аналар!

Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, бізбен бірге болған талай—талай кездеріңіз, қолдауларыңыз үшін рахмет айтамын.

Сіздер күрделі кезең алдында тұрсыздар. Балаларыңыз университет пен мамандық таңдау секілді маңызды қадам жасау алдында тұр. Бүгінгі Әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріс үстінде. Көп мамандықтар өзектілігін жоғалтып, артта қалуда, алдыңғы қатарлы технологиялар дамып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Сондықтан балаларыңызға дұрыс қолдау көрсетіп, болашақта қажет болатын мамандықты тізгіндеулеріңізге тілектеспіз.

Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

Құрметпен,«Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ директоры Оспанова Алия Оспановна

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *