7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтау

Құрметті айбынды жігіттер, асқар тау әкелер, өскелең жас буын

Отанға деген шексіз қызмет етудің нышаны боп табылатын айтулы мереке 7️⃣ мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Сіз секілді азаматтың ержүрек істеріне сай ілтипат-құрмет көрсете отырып, Сізден өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына 🇰🇿 адал қызмет етеді деп сенемін.

Осы мерекеге орай, мектебімізде білім саласында ғана емес, барлық қоғамдық істерде белсене қызмет атқарып жүрген ер мұғалімдер 👨🏻‍🏫 ұжымын да шын жүректен мерекемен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жүрген игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және бейбіт ғұмыр тілеймін! Әрдайым еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар🤲🏻🤲🏻🤲🏻

Айбек
Author: Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

Айбек

Техник-программист. Куратор: www.it-sauat.kz

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *